«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 372 Қаулысы
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 372 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы БТ мақсаттары үшін оларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі - АКҚҚ) - криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттерін генерациялауды, қалыптастыруды, таратуды немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе ақпараттық-бағдарламалық кешен;
2) ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтер (бұдан әрі - актив) - ақпарат болып табылатын немесе ақпаратты қамтитын немесе ақпаратты өңдеу, сақтау, беру үшін қызмет ететін және мақсаттарға қол жеткізу мен қызметінің үздіксіздігі мүддесінде ұйым үшін құндылығы бар материалдық немесе материалдық емес объект;
3) ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активті таңбалау - активті кейіннен сәйкестендіру (тану), оның қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету мақсатында оған шартты белгілерді, әріптерді, цифрларды, графикалық белгілерді немесе жазуларды түсіру;
4) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама (бұдан әрі - АҚ ТҚ) - ақпараттандыру объектілерінің және (немесе) ұйымның АҚ-ны қамтамасыз ету процестеріне қатысты саясатты, қағидаларды, қорғау шараларын белгілейтін құжаттама;
Демо – версия документа