«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 140 бұйрығы
«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 140 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Уақытша өтемдік тариф шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып бекітіледі.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектісі Заңға сәйкес тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге арналған өтініммен уәкілетті органға жүгіне алады.
Бұл ретте жаңа тариф деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға өтеуін шегере отырып, шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасына азайтылады.
Бұл ретте тарифтік сметада тарифтік сметаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның орындалмау сомасы жеке жолмен көрсетіледі.
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің жаңа тарифті немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімін қараған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз табыс сомасын анықтаған кезде оны жаңа тарифтің немесе олардың шекті деңгейлерінің деңгейін негіздеуге қабылданған табыстан алып тастайды.»;
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа