Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин. 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 30 қарашадағы

№ 910 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны

стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы стандарт кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

мүгедек - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

пандус - жолдың көлденең бетінің бір деңгейінен екіншісіне, оның ішінде кресло-арбамен ауысуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуі бар құрылыс.

 

 

2. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар

 

4. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны негізгі антропометриялық және эргономикалық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жеке талаптары мен шектеулерін ескеру қажет.

6. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдалану және ескеру қажет негізгі элементтер:

кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар;

кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қосымша арнайы әзірленген қол құралын жасау, оны пайдалану тиімділігін барынша арттырады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку