Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 228 бұйрығы

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 228 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісінде:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Оқушылардың санаттары мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:

1) өрт сөндірушілер.

Оқыту осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес өрт сөндірушілерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;

2) негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілері.

Оқыту осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;

3) радиотелефонистер.

Оқыту осы Бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;

4) өрттің алдын алу нұсқаушылары.

Оқыту осы Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес өрттің алдын алу нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;

5) газ-түтіннен қорғау қызметінің шеберлері.

Оқыту осы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку