«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 41 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 41 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 санымен тіркелген) келесі өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған, Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары бекітілсін.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметке теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа