«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 391 бұйрығы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 391 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспенің орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тұрған белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, адам саудасының құрбандарына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына (бұдан әрі - уақытша болу ұйымдарындағы қызмет алушылар) уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің тәртібін айқындайды.»;
29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«29. Уақытша болу ұйымдары келесі түрде құрылады:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тұрған белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік бейімдеу орталықтары түнде болу үйлері;
Демо – версия документа