Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТКЕН ЖӘНЕ НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН АЙНА...

Осы редакция 2019 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылы 27 қаңтардағы

№ 56 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу

 құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу

қағидасы
(2018.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Әділет министрінің 2018.28.09. № 1466 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi - аумақтық әдiлет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) аттестаттаудан өтедi.

Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады.

Комиссия жетi мүшеден - екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.

Комиссияның құрамына қосу үшiн нотариустардың кандидатураларын аумақтық әдiлет органына нотариаттық палата ұсынады.

Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.

Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку