(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУ СЕРТИФИКАТЫН...
Осы редакция 2019 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына
1-қосымша
«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.05.11. берілген өзгерістермен)
«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.11. № 825 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсететін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлікт комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралының жүру бағытында орналасқан стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.11. № 825 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінен бастап: 1 сағат;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 45 минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі - сертификат).
Редакция документа
Демо – версия документа