(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗ...
Осы редакция 2019 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 530 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - Куәлік) беру - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
куәліктің телнұсқасын беру - жұмыс 2 (екі) күн.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап жұмыс 2 (екi) күн iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады;
2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
Редакция документа
Демо – версия документа