Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 557 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:

3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) бірлескен нормативтік құқықтық актімен белгіленген тәртіпте «Антитеррор» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының құрамына кіретін мемлекеттік органдардың арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жөнінде шаралар тұжырымдау;»;

5-тармақ екінші бөлімінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы қызметі Терроризмге қарсы орталығы штабының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының штабы) баяндамасын тыңдайды;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Лауазымдары бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының мүшелері мыналар болып табылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку