«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 614 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 614 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бюджеттік бағдарламаларымен 001 бюджеттік бағдарламасы бар 366 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«366 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сатып алу басқармасы
001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«002 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»;
мынадай мазмұндағы 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 119, 123 және 124 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
Демо – версия документа