Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 856 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шараларға мониторинг жүргізеді;»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік комиссия төрағасының шешімі мен жұмыс органының ұсыныстары бойынша кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін, олардың қарауына жоспардан тыс мәселелер шығарылады.

Кезектен тыс отырыс өткізілетін күн, оған шығарылатын мәселелер бойынша материалдарды ұсыну және Мемлекеттік комиссия мүшелерінің өз қатысуын растау мерзімдері Мемлекеттік комиссия төрағасының кезектен тыс отырысты шақыру туралы шешімінде айқындалады.

Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша сырттай дауыс беруге бастама жасау арқылы жоспардан тыс мәселелерді шығаруға және қарауға жол беріледі.

Мемлекеттік комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруге ұсынылған хаттама жобасын қарауы осы Ереженің 18-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку