(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРIНЕН МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАЛАРЫН БЕРУ» МЕМ...
Осы редакция 2019 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.27.01.№ 82 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 332 бұйрығына
5-қосымша
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.21.09. берілген өзгерістермен)
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.21.09. № 524 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.21.09. № 524 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.
Редакция документа
Демо – версия документа