«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 16 ақпандағы № 66 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 16 ақпандағы № 66 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Кодекстің 126 - бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою (бұдан әрі - жою):
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде);
3) Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің барлығы қайтарылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.».
2. «Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17042 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережеде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа