«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 82 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 82 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:
18 және 19-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
«
18-тарау. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||||
Р/с № | Аса қауіпті зиянды организмдердің атауы | Аса қауіпті зиянды организмнің даму сатысы | Дақыл және (немесе) алқаптар | Дақылдың даму фазасы | Зияндылық шегі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
134 | Үйірлі шегіртке тектестер; италиялық прус | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге 3 және одан көп дана |
135 | Марокколық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге3 және одан көп дана |
136 | Азиялық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге3 және одан көп дана |
137 | Астықтың сұр көбелегі | жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тауарлық егістер) | сүттеніп пісу | салқын ауа райында 100 масаққа 15 жұлдызқұрттан артық, қоңыржай ауа райында 20-дан артық және құрғақшылық ауа райында 30-дан артық |
жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тұқымдық егістер) | сүттеніп пісу | жоғарыдағы көрсетілген өлшемшарттар 2 есеге төмен | ||
138 | Зиянды бақашық | қыстаған қандалалар | күздік (жаздық) бидай | түптену | 1 шаршы метрге 1-2 қыстаған қандала, құрғақшылық жылдары бұл көрсеткіш 2 есеге (0,5-1,0) төмендейді |
Демо – версия документа