Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 37 бұйрығы

«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 37 бұйрығы

 

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасының жекелеген нормаларын «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығымен сәйкестендіру және мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізуді және пайдалануды одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 санымен тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасына (бұдан әрі - Қағида):

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Алғашқы есепке алу карточкасын жүргізу»;

3, 6, 18, 19, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өз құзіреттерінің шегінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды Комитетке уақытылы ұсынып отыруға міндетті.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку