Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 46 Қаулысы

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 46 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:

1-тармақтың 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15-1) кепілдік жарнасы - сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;»;

2-тармақтың бірінші, екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді 10 күн мерзімде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (сату кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

Мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.»;

8-тармақта:

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;»;

14) тармақша алып тасталсын;

12-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) сауда-саттық (аукционды және коммерциялық тендерді қоспағанда) жеңімпазын жариялайды;»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку