(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2011.28.02 № 16 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне қаржы құралдарын бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 16 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесінде:
бірінші бөлігінде «қаржы құралдарын» деген сөздер «бағалы қағаздарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінде «орташа мөлшерленген» деген сөз «орташа» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлігінде «жарияланатын» деген сөз «жарияланған» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөлігінде «қаржы құралдарын» деген сөздер «бағалы қағаздарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа