Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама (Ашхабад қ., 2014 жылғы 21 қарашада)

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған
 елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
хаттама
(Ашхабад қ., 2014 жылғы 21 қарашада)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 720 Қаулысымен бекітілді

 

2015 жылғы 20 қаңтардан бастап уақытша қолданылады

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. Ереженің 1-бөлімі мынадай терминдермен толықтырылсын:

«тауардың шығу тегі туралы құжат - тауардың шығу тегі туралы сертификат немесе тауардың шығу тегі туралы декларация;

тексеруші (верификациялаушы) орган - тауардың шығу тегі туралы құжаттарды беру негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өндірушілердің осы Ережеде көзделген тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемшарттарын орындауын тексеруді жүзеге асыруға Келісімге қатысушы мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік орган.»;

2. Ереженің 5.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5.1 Егер:

а) тауар Келісімге қатысушы бір мемлекеттің резиденті мен Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің резиденті арасындағы шарт/келісімшарт негізінде Келісімге қатысушы бір мемлекеттің кедендік аумағынан әкетілсе және Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің кедендік аумағына әкелінсе. Осы Ереженің 8.5 және 8.6-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, мұндай шарт тауар әкетілгеннен кейін жасалуы мүмкін;

б) тауарға меншік құқығы сыртқы сауда шартына/мәмілесіне сәйкес, сондай-ақ Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Келісімге қатысушы мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі болса;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку