Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 852 бұйрығы

«Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 852 бұйрығы

 

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 171 және 172-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 4 қарашада № 204-205 (938-939) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:

1) сынақтар қабылдай отырып, әкімшілік полиция, криминалдық полиция, ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелері жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін;

ішкі істер органдарының әкімшілік полиция, криминалдық полиция және ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелерінің арасында әр тоқсан сайын әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың есебін салыстыра тексеруді, сондай-ақ жедел кеңестерде қарай отырып, рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдауды ұйымдастырсын;

2) әкімшілік қадағалауда тұратын және соттылық белгілері бойынша «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қолданысына түсетін адамдардың тарапынан қадағалау ережелері мен белгіленген шектеулерді бұзуды анықтау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауға түсетін патрульдік жасақшаларының олардың тізімімен;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку