«Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 222 Қаулысы (2015.19.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 222 Қаулысы
(2015.19.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 6 мамырдағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9530 тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 14 тамызда «Заң газеті» газетінде № 120 (2514) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«банктің меншікті капиталының нақты мөлшері:»;
мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«2014 жылғы 1 қаңтарда меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден кем болған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден аз емес;
басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз емес болғанда;»;
он бесінші және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа