(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚРҢ БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2014.12.06 № 58 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 58 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру және есептілікті жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелді, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санында жарияланды):
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесінде:
1-3 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.
2. Ереже мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың деректер банкін (бұдан әрі - деректер банкі) жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа