(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.07.11 № 1169 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 және «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1449 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 1169 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
мына:
« | |
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
« | |
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
» |
«Кіріспе» деген 2-бөлімде:
он бесінші бөлікте:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
2) Бағдарламаны үйлестіруші - жергілікті атқарушы органның облыс әкімдері айқындайтын, бағдарламаның облыстық деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа