(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ ТУРАЛЫ ...
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы
2003 ж. 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметiне бақылауды қамтамасыз ету принциптерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент-банк - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен агенттiк келісім негiзiнде кредиторларға кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөнiнде қызмет көрсететiн банк немесе ұйым;
2) жәбiрленушi - өзге тұлғаның көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген тұлға;
3) зиянды өтеу резервi - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебiнен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын ақша сомасы;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті немесе ерікті сақтандыру түрлері;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа