Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 966 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

 

ҚР Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында:

«1. Қазақстан Республикасындағы жаңа бюджет саясатының пайымы» деген бөлімде:

«Ағымдағы ахуалды талдау» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы отыз сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сондай-ақ абсолюттік мәнде де, салыстырмалы мәнде де елдің сыртқы борышының өсуі байқалады. Айталық, 2011 жылдың соңына сыртқы борыш көлемі 125,3 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-ге қатысты 66,7%, ал 2013 жылдың соңына - 149,9 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-ге қатысты 64,8% құрады.»;

«Тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңі және оны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:

үшінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау;»;

«2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері» деген бөлімде:

«Мемлекеттік борышты және квазимемлекеттік сектордың борышын қауіпсіз деңгейде ұстау» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку