«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 1235 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 1235 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімдегі нысаналы индикаторда 7-тармақ алып тасталсын;
«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.3.-кіші бөлімдегі нысаналы индикаторда 7-жол алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 584-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Нысаналы индикаторлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа