«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1199 Қаулысы
«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1199 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2014 жылға мынадай:
1) кірістер - 6034033073 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 3813306986 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 119352289 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7752678 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 2093621120 мың теңге;
2) шығындар - 6574979147 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 46577958 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 118743399 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 72165441 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 495325022 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 496575022 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1250000 мың теңге;
5) тапшылық - -1082849054 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне қатысты 2,6 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1082849054 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»;
2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 74427770 мың теңге мөлшеріндегі сома:
Демо – версия документа