Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.20.03 № 165 БҰЙРЫҒ...

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 20 наурыздағы

№ 165 бұйрығына

1-қосымша

 

Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркеу орны бойынша Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон полициясы бөліністері Министрліктің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігін беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
жасау тәртібінің сипаттамасы

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы басқармасының (бөлімі) (бұдан әрі - КҚПб) бөлім (бөлімше, топ) қызметкері және қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері қатысады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку