«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 923 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-кұжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат; 2013 ж., № 8, 169-құжат; № 30, 455-құжат; 2014 ж., № 3, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауына және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.»;
он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа