«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 958 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат; 2013 ж., № 33, 496-құжат; № 60, 819-құжат; 2014 ж., № 30, 255-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобаларын әзірлеу қағидаларында:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.»;
Бесінші, алтыншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нысаналы даму трансферттері бойынша - шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісімдердің жобаларында көзделген нысаналы даму трансферттері бөлінетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа