(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010.04.10 № 151 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 4 қазандағы № 151 қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесі:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру бойынша тіркеушінің іс-әрекеті эмитент және бағалы қағаздарды ұстаушы, сондай-ақ Агенттік Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) (бұдан әрі - № 238 ереже) бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінің 41 және 41-3-тармақтарында көзделген жағдайларда орталық депозитарий берген мәліметтерді қабылдаумен, тексерумен, өндеумен, тізілімдер жүйесіне енгізумен және тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы орталық депозитарийге өкімді жіберумен сипатталады.»;
13) тармақшадағы «.» тыныс белгісі «;» тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа