«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 30 бұйрығы
«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 30 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 5 қазандағы № 262 (26323) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінде және беруден бас тарту негіздерінде:
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса, рұқсаттар пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде беріледі.
Өзара байланысты бірнеше тұрақты емес ұшулардың (төрт немесе бес ұшулар) серияларын орындауға Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты алғашқы ұшу орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн мерзімге дейін беріледі.
Демо – версия документа