(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 12 МАУСЫМ № 439-ІІ ҚР ЗАҢЫ
Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-ІІ Заңы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
Осы Заң темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) акциз маркасы - қорғау элементтерi бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнiм бiрлiгiне бастырылатын марка;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) есепке алу-бақылау маркасы - темекі өнімдерін есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекі өнімдерін бірдейлендіруге арналған қажетті қорғау дәрежелері бар арнаулы біржолғы жапсырма қағаз;
1-2) бірдейлендіру - белгілі бір өнімді өндіру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзіне ұқсас өнімнің арасында айырым белгілері бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететін рәсім;
1-3) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтін, шартты белгі және суреттер;
1-4) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі өнімінің белгілі саны бар тұтыну ыдысының бірлігі;
1-5) орам - белгілі қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бірлігі;
2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткізу;
3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткізу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткізу (жөнелту);
4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат;
Редакция документа
Демо – версия документа