Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 38-қосымша) (2019.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
38-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.26.11. № 805 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ереже
(2019.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.06. № 574 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 150010, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 87 үй.
Документ утратил силу
Демо – версия документа