Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 36-қосымша) (2024.11.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.24.01. № 18 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.11.04. № 287 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
36-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және
Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы
ереже
(2024.11.03. берілген өзгерістермен)
1. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) қала және облыс аумағындағы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Демо – версия документа