Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 01.12.04 Ж. № 1247 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 1247 қаулысы

(2005.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесі одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 52-1-жолмен толықтырылсын:

«52-1. Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку