(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.30.12 № 1697 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1697 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 619-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
«11. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы.»;
Редакция документа
Демо – версия документа