Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.04.12 № 1539 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін беруді қамтамасыз етсін.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамның 100 % мөлшеріндегі акцияларының пакетін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына заңнамада белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку