(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.04.12 № 1531 ҚАУЛЫСЫ
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1531 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
1) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - «ИТП» АЭА) жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін қосалқы жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) «ИТП» АЭА-ға қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен «ИТП» АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті уәкілетті органға ұсыну;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
6) арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін салу және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
8) халыққа қызмет көрсету орталығының «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) «ИТП» АЭА-ны құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау;
10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа