(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.11.03 № 312 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 312 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті;
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа