(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 11 МАМЫРДАҒЫ № 376 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі
№ 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 376 Қаулысы
(2011.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ертіс», «Оңтүстік» және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрі - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ), «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» (бұдан әрі - «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ) және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрі - «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ) акционерлік қоғамдары құрылсын және Шымкент қаласын «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, Семей қаласын «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және Талдықорған қаласын «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның орналасу орны болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа