Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.25.08. № 878 ҚАУЛЫСЫ

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы»
акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 878 Қаулысы

(2006.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкiметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келісімдi (бұдан әрi - Келісім) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қазақстандық бөлігінiң инфрақұрылымын құру, дамыту және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

оны құру мақсаттарына қол жеткiзу мақсатында қызметiн "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігiнің аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен және шаруашылық жүргiзушi субъектілермен өзара iс-қимыл жасау;

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамытудың ағымдағы, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің аумағында Келісімде айтылған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға әлеуетті инвесторларды тарту;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку