(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.19.07 № 742 ҚАУЛЫСЫ
"Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы"
акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 742 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Орталық) акцияларының мемлекеттік пакетi "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) жарғылық капиталына берілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру үшiн қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 1, 124-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа