(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.14.02 № 133 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 133 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің « Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» мен «Денсаулық сақтауды дамыту институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа