(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.27.11 № 1259 ҚАУЛЫСЫ
Жекелеген мемлекеттік мекемелерді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 1259 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қарағанды қаласының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Қарағанды облысы әкімінің;
2) Ақтау қаласының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Маңғыстау облысы әкімінің;
Редакция документа
Демо – версия документа