(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.02.06 № 503 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 503 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының аумағында «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру» орталығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарына тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа