Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.12.04 № 348 ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Ақмола су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 348 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Ақмола су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қарамағына берілсін.

2. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Ақмола су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі тиісті саладағы уәкілетті орган болып белгіленсін.

4. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекет меншігіндегі су шаруашылығының жүйелері мен құрылыстарын ұстау, пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып белгіленсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку