Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторы және түзеу мекемесінің кадр жұмысы бөлімшелері (бөлім, бөлімше, топ) туралы үлгілік ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 7-қосымша)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 478 бұйрығына
7-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторы және түзеу мекемесінің
кадр жұмысы бөлімшелері (бөлім, бөлімше, топ) туралы
үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Кадр жұмысының бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторы мен түзеу мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілерімен, заңдарымен, өзге нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережемен басшылық етеді.
3. Бөлімшенің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бекітіледі.
1) ________________________;
2) ________________________;
3) ________________________;
4) ________________________ тұрады.
2. Бөлімшенің негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары мен міндеттері
5. Міндеті: мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде, ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай кадр саясатын жүзеге асыру.
Функциялары:
1) кадр саясаты облысында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің шешімдерін ішкі істер органдары жүйесінде жүзеге асырады, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы ҚАЖД-не ақпарат береді;
2) ҚАЖ кадр саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) кадрлармен жұмыстың басымды бағыттарын анықтайды, осы қызметті жетілдіру бойынша ҚАЖД-не ұсыныстар енгізеді;
4) ҚАЖД-не мен мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген үлгі бойынша тиісті мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсынады, жиынтық есептемелер мен мәліметтерге талдау жасайды және зерделейді;
5) ҚАЖД, мекеменің басшылығы жанындағы жедел кеңестердің стратегиялық және операциялық жұмыс жоспарларына ұсыныстар енгізеді;
6) Бөлімшенің келешекке арналған және ағымдағы жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын әзірлейді.
Демо – версия документа