Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары -

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 2 шілдедегі

№ 298 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалардағы аудандар және қалалар, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша салық басқармалары ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО), «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу карточкасын беру, тіркеу карточкасын ауыстыру, тіркеу есебінен шығару болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):

1) құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды - 1 минут;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку