«Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары
- Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 298 бұйрығына
2-қосымша
«Салық төлеушілерді тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалардағы аудандар және қалалар, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша салық басқармалары ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО), «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) қызметті алушының тіркеу деректерін салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - СТМДҚ) енгізу, өзгеріс және (немесе) толықтыру;
2) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін беру (СТМДҚ-на резидент емес, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі туралы мәліметтерді енгізу кезінде);
3) СТМДҚ-нан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастау болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны (тіркеу куәлігі): қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібі
Документ утратил силу
Демо – версия документа